"Барыс" буллитте бұлқынды

1019

Қонақтағы матчтар сериясының үшінші кездесуінде "Барыс" СКА-ны булитте жеңді.

"Барыс" буллитте бұлқынды

"Барыс" алғашқы кезеңді жақсы бастап, кездесудің алтыншы минутында есеп ашты. Кирилл Савицкий ҚХЛ-дағы алғашқы голын соқты. Екінші кезеңде көрермендер бес голдың куәгері болды. СКА құрамында Валентин Зыков, Антон Бурдасов және Эмиль Галимовтар көзге түсті. Қазақстандық команда сапынан Никита Михайлис пен Роман Старченко маусымдағы алғашқы голын соқты.

Соңғы үшінші кезеңде есеп теңесті. Нәтижесінде кездесу овертаймға ұласты. Алайда гол соғылмады. Булиттер сериясында "Барыс" жеңіске жетті. 

СКА-Барыс матчынан кейін (3:4 В) командалардың бас бапкерлерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

"Қиын ойын болды. Бұл қатарынан сырт алаңда өткізген үшінші ойын. СКА оңай қарсылас емес. Ойыншылар өте байсалды болды. Бәлкім, команданың әрбір мүшесі жеңіске жету үшін көп күш жұмсау керектігін түсінген болар. Жеңіс үшін жігіттерге рахмет. Иә, бізде қорғаныста қателіктер болды. Әсіресе екінші кезеңде қателіктер бірден көзге көрінді. Өзімізге деген сенімділік бізге жеңіске жетуге көмектесті", – деді "Барыс" ХК бас бапкері Юрий Михайлис,

"Алғашқы кезең біз тараптан түсініксіз болды. Екінші және үшінші кезеңде жақсы ойнадық. Гол соғуға мүмкіндіктер көп болды. Бірақ бізге көбірек гол соғу керек еді. Буллите қарсылас мықтырақ болды", – деді СКА ХК бас бапкері Валерий Брагин.

Енді 19 қазанда "Барыс" Минскіде "Динамоға" қарсы ойнайды. Бұл командалардың биылғы маусымдағы алғашқы кездесуі болмақ.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу