"Барыс" буллитте "Динамоға" есе жіберді

1694

Жаңа маусымдағы алғашқы ойында "Барыс"  Минскінің "Динамосынан" 3:4 есебімен ұтылды.

"Барыс" буллитте "Динамоға" есе жіберді

Қыркүйектің 3-і күні "Барыс" Минскіде ҚХЛ-ның жаңа маусымдағы алғашқы ойынын өткізді. Андрей Скабелка шәкірттерінің қарсыласы "Динамо" болды. Маусым алдындағы дайындық аясында "Динамо" Сочидегі турнирде өнер көрсетті.

Сонымен қатар ЦСКА және "Адмиралмен" бірқатар бақылау матчарын өткізді.

Айта кетейік, жазда минскіліктер трансферлік нарықта көп жұмыс атқарды. Нәтижесінде, "Динамо" хоккейшілерінің тізімі толықтай жаңартылды. Маусымаралық көрсеткіштерді қорытындылай келе минскіліктердің  жаттықтырушысы Крейг Вудкрофт командасына көңілі толатынын айтты.

Ал "Барыс" тамыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің кубогін жеңіп алды. Сонымен қатар Челябі облысы губернаторының кубогінде өнер көрсетті. Жаңадан келген Джереми Бракко мен Энтони Луи маусым алдындағы матчтарда өздерін жақсы қырынан танытты. Клуб жүйесіндегі жас ойыншылар да біраз ойын тәжірибесін жинақтады. Қазақстандық команданың бас бапкері Андрей Скабелка жастардан бөлек, жаңа капитан Никита Михайлистің жетістіктерін ерекше атап өтті.

Өткен маусымда "Барыс" пен "Динамо" екі рет кездескен. Минскіде командалар айтарлықтай нәтижелі жекпе-жек өткізді. Ол уақытта "Динамо" жергілікті жұртшылықты қуантып, жеңіс айдын иелерінде қалды (6:5). Ал Нұр-Сұлтанда өткен кездесуде қазақстандықтар булитте (3:2) есе қайтарды.

ҚХЛ аясында өткен алғашқы матчта есеп бірінші кезеңнің ортасында ашылды. Дмитрий Соколов тамаша соққымен Андрей Шутовтың қақпасының жоғарғы бұрышын дәл көздеді. Екінші кезеңнің басында Ник Меркли дәл осындай стильде гол соқты. "Барыстың" жаңа маусымдағы алғашқы голының авторы Антон Сагадеев болды. Финалдық үшінші кезеңнің басында Сагадеев дубль жасады. Сәлден соң Әділ Бекетаев ҚХЛ-дағы алғашқы голын соғып, елордалықтарды алға шығарды. Алайда соңында Брэндон Козунның күш салуымен "Динамо" матчты овертаймға жалғастырып, кейін Владимир Алистровтың дәл соққысының арқасында буллитте жеңіске жетті.

 "Динамо" Минск – "Барыс" 4:3 Б (1:0, 1:1, 1:2, 0:0, 1:0)

1:0 – 08:21 – Соколов (Барберио, Лалонд)

2:0 – 21:49 – Меркли (Мартынов, Лалонд)

2:1 – 36:10 – Сагадеев (Мищенко, Грэм) 

2:2 – 41:29 – Сагадеев (Савицкий)

2:3 – 46:23 – Бекетаев (Петухов, Савицкий)

3:3 – 58:51 – Козун (Алистров, Пакетт)

4:3 – 65:00 – Алистров Б

ҚақпашыларКолосов – Шутов

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу