"Барыс" командасы "Динамоға" қарсы өткен екінші ойында жеңіліс тапты

1653

24 ақпанда "Барыс" мәскеулік "Динамоға" қарсы жолдастық кездесу өткізді.

"Барыс" командасы "Динамоға" қарсы өткен екінші ойында жеңіліс тапты

Юрий Михайлис бұл жолы айдынға келесі ойыншыларды шығарды: Ортио (Бояркин) – Морроу-Мартинссон, Савицкий-Вей-Әсетов; Альсинг-Орехов, Михайлис-Волк-Лилья; Савченко-Шалапов, Берглунд-Куник-Петухов; Бекетаев-Данияр, Шайхмедденов-Сагадеев-Шестаков.

Кездесу Мәскеуде өтіп, 6:3 есебімен ресейлік клубтың пайдасына аяқталды. Екінші кезең астаналықтар үшін сәтсіз болды. Есеп 1:2 болғанда "Барыс" тағы үш гол жіберіп алды.

Жеңімпаз командадан Дмитрий Рашевский (10-минут), Эрик О'Делл (11-ші, 48-минут), Петр Яковлев (25-минут), Вадим Шипачев (29-минут) және Оскар Линдберг (33-минут) көзге түсті. Ал елордалық команда сапынан Егор Петухов (15-минут), Никита Михайлис (42-минут) және Аркадий Шестаковтар (56-минут) гол соқты.

Бұған дейін астаналықтар "Динамоны" булитте жеңген болатын – 4:3. Сондай-ақ Мәскеуде олар "Спартактан" басым түсті.

1 наурыздан бастап ҚХЛ плей-офф ойындары басталады. Онда  қазақстандық клуб "Металлургпен" ойнайды. "Барыс" тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша Шығыста сегізінші орынға табан тіреді. Елордалық ұжым 47 матч өткізіп, жинауға мүмкін болатын балдардың 51,06%-ын жинады. Юрий Михайлис шәкірттерінің қарсыласы магнитогорскілік "Металлург" (73,96%) болады. Ол жинаған балдарының пайызы бойынша конференцияда ғана емес, бүкіл лигада бірінші орын алды. Бір айта кетерлігі "Барыс" пен "Металлург" конференцияның ¼ финалына үшінші жыл қатарынан ойнайтын болады. Ағымдағы маусымда қарсыластар төрт рет кездесіп, екі реттен жеңіске жетті.

Ойындардың кестесі:

1 және 3 наурыз "Металлург" - "Барыс" Магнитогорск қаласында;

5 және 7 наурыз "Барыс" - "Металлург" Нұр-Сұлтанда;

9 наурыз (қажет болған жағдайда) "Металлург" - "Барыс" Магнитогорск қаласында;

11 наурыз (қажет болған жағдайда) "Барыс" - "Металлург" Нұр-Сұлтанда;

13 наурыз (қажет болған жағдайда) "Металлург" - "Барыс" Магнитогорск қаласында;

Ал финляндиялық "Йокерит" Құрлықтық хоккей лигасына (ҚХЛ) қатысудан бас тартты. РИА Новостидің хабарлауынша, Ресейдің Украинадағы әрекетіне байланысты хоккей клубының демеушісі Barona Oy компаниясы демеушіліктен бас тартқан.

Ермұхамед Мәулен 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу