16 желтоқсан Бірінші арна кубогынан кейін "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы аясында Екатеринбургте "Автомобилистпен" кездесті. Астаналықтар 13 шабуылшы және 6 қорғаушымен ойнады. Құрамға Кирилл Панюков қайта оралды.
Алғашқы кезеңде есеп ашылмады. Екінші кезеңде Самат Даниярдың пасынан Семён Симонов есеп ашып, кейін Майкл Веккьоне басымдықты арттырды. Үшінші кезеңде Максим Осипов бір шайбамен жауап қатты. Осыдан кейін Симонов дубль авторы атанса, Макс Уиллман бос қақпаға шайба салды. Қорытынды есеп 4:1, елордалықтардың пайдасына. Қақпашы Андрей Шутов 33 сейв жасады.
"Автомобилист" (Екатеринбург, Ресей) – "Барыс" (Астана, Қазақстан) 1:4 (0:0, 0:2, 1:2)
Голдар:
0:1 – 25:58 Симонов (Данияр)
0:2 – 37:26 Веккьоне (Морелли, Панюков)
1:2 – 50:21 Осипов (Буше, Каштанов)
1:3 – 51:31 Симонов (Данияр, Томпсон)
1:4 – 57:45 Уиллман (Морелли)
Қақпашылар: Галкин – Шутов
18 желтоқсанда "Барыс" Мәскеуде "Динамомен" кездеседі.