"Барыс" ірі есеппен "Сібірге" жол берді

2814

66 ұпаймен елордалық хоккей клубы Шығыс конференциясында 7-орынға түсіп қалды.

"Барыс" ірі есеппен "Сібірге" жол берді

Бүгін "Барыс" өз айдынында "Сібір" командасын қабылдады. Өткен турда новосібірліктер "Авангардты" 0:3 есебімен жеңді. Ал "Барыс" бейсенбі күні "Автомобилист" командасына қарсы өткен матчта 2:1 есебімен жеңіске жетті. Роман Старченко мен Даррен Диц ұзақ уақыт бойы болған голсыз серияларға нүкте қойды. Хенрик Карлссон қақпаға бағытталған 15 шайбаны қайтарды.

Осы жеңістің арқасында Нұр-Сұлтандық ұжым Шығыс конференциясында 6-сатыға көтерілген болатын. Ағымдағы  маусымда екі команда арасында өткен үш жекпе-жектің екеуінде ресейлік команда жеңіске жетті. Бұл ретте екі матч та Сібірдің пайдасына, яғни 3:1 есебімен аяқталды. Алайда Новосібірде (3:2) "Барыс" жеңіске жетіп, плей-оффқа ресми түрде жолдама алды.

Бүгінгі кездесуде "Барыстың" бапкерлер штабы жеңісті құрамды өзгертпеуге шешім қабылдады. Сондықтан бейсенбі күні "Автомобилистке" қарсы ойнаған хоккейшілер айдынға шықты. Қонақтар екінші кезеңнің басында есеп ашты. Ағайынды Ушениндер қарсы шабуыл ұйымдастырып, Владислав Ушенин Карлссон қақпасына гол соқты. Кезеңнің ортасында ол дубль жасады. Дмитрий Саюстовтың голы "Барыстың" бапкерлер штабын Хенрик Карлссонның орнына ҚХЛ-да дебют жасаған Денис Каратаевқа ауыстыруға мәжбүрледі.

Олег Ли кездесудің үшінші кезеңнің ортасында Каратаевтың қақпасынан саңылау тапты. Сәл кейінірек Данил Романцев есеп айрымашылығын одан әрі алшақтатты. Никита Михайлистің дәл соққысы есеп айырмашылығын 5:1 өзгертті. Нәтижесінде бұл кездесуде "Сібір" айқын басымдылықпен "Барысты" жеңді.

23-ақпанда Юрий Михайлис шәкірттері "Ақ Барспен" ойнайды.

"Барыс" – "Сібір" 1:5 (0:0, 0:3, 1:2)

0:1 – 23:25 – Ушенин Вл. (Ушенин Вяч., Шашков)

0:2 – 30:10 – Ушенин Вл. (Шашков)

0:3 – 32:24 – Саюстов (Овчинников, Сетдиков)

0:4 – 51:42 – Ли

0:5 – 55:07 – Романцев (Гуркин, Алексеев)

1:5 – 56:24 – Михайлис (Линтуниеми) ГБ

Қақпашылар: Карлссон (Каратаев, 32:24-60:00) – Красоткин

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу