"Барыс" ҚХЛ рейтингінде 5 сатыға көтерілді

131

Бұл көрсеткіш лиганың алтыншы ойын аптасының қорытындысы бойынша жарияланды.

"Барыс" ҚХЛ рейтингінде 5 сатыға көтерілді Фото: hcbarys.kz

"Барыс" ҚХЛ күш индексі рейтингінде жетінші сатыға көтерілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Барыс" соңғы матчында Хабаровскінің "Амур" командасымен кездесіп, 2:5 есебімен жеңіліп қалды. Михаил Кравец шәкірттері ойынды сәтті бастап, есеп ашқанымен, басымдығын сақтай алмады.

Астаналық клуб келесі кездесуін бүгін, 21 қазанда Владивостоктың "Адмирал" командасына қарсы өткізеді. Матч сырт алаңда Қазақстан уақытымен сағат 14:30-да басталады.

Қазіргі уақытта "Барыстың" еншісінде 17 ойыннан кейін 20 ұпай бар. Дәл осындай ұпай жинаған Нижнекамскінің "Нефтехимик" клубы Шығыс конференциясында үшінші орында тұр.

Ал конференция көшін 18 матчта 29 ұпай еншілеген Магнитогорскінің "Металлург" командасы бастап келеді. Көшбасшы мен "Барыстың" арасындағы айырмашылық – 9 ұпай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу