"Барыс" қолда тұрған жеңісті уыстан шығарып алды

1354

"Барыс" сырт алаңдағы матчтар сериясын "Сібірмен" өткен кездесумен жалғастырды.

"Барыс" қолда тұрған жеңісті уыстан шығарып алды

"Барыс" сырт алаңдағы матчтар сериясын "Сібірмен" өткен кездесумен жалғастырды. Андрей Мартемьяновтың шәкірттері кезекті матчты тамаша көңіл-күймен бастады. "Сібір" соңғы бес кездесуінің төртеуінде жеңіске жетті. Оның үстіне бұл ойындардың барлығы минималды есеп айырмашылығымен аяқталды. Соңғы турда новосібірліктер өз алаңында "Спартакты" ұтты – 4:3. 23 матчтан кейін новосібірлік ұжымның қоржынында 26 ұпай бар және  бүгінде Шығыста төртінші орынға жайғасқан.

"Барыс" керісінше, Новосібірге қатарынан үш рет жеңілістен кейін келді. Әсіресе, соңғы турда Омбыдағы жеңіліс (0:6) елордалық командаға ауыр соққы болғандай. Андрей Скабелка да соңғы матчтарда өз командасының қорғаныстағы ойыны дұрыс болмағанын тілге тиек етті. Биылғы маусымда "Барыс" "Сібірмен" 1 рет кездескен екен. Ол уақытта Скабелка шәкірттері өз айдынында 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Бүгінгі үшінші кездесуде "Барыс" Сібірден ұтылып, жеңілістер сериясын төрт кездесуге дейін жеткізді. Орталық ойыншылардан Диас Гусейновты Дмитрий Гурков алмастырды. Осы маусымда ҚХЛ-дағы алғашқы ойынын өткізген Джесси Грэм мен Тамирлан Гайтамиров қорғаныста өнер көрсетті. Әділ Бекетаев денсаулығына байланысты кездесуге қатыса алмады.

"Барыс" ойынды қарқынды бастап кетті. Жетінші минутта қонақтар екі гол айырмасымен алға шықты. Линден Вэй Энтони Луидің шығарған керемет пасынан кейін гол соқты. Иван Мищенко көк сызықтан Аркадий Шестаковқа шайбаны бағыттады. Нәтижесінде Аркадий есепті еселей түсті. Ал матчтың 16-минутында ойыншылар басымдығын пайдаланған "Сібір" хоккейшісі Никита Коротков қазақстандықтардың көңіл-күйін бұзды деуге де болады – 2:1.

Екінші кезеңнің ортасында айдын иелері Александр Шаровтың арқасында есепті теңестіріп кетті. Соңғы кезеңде Мартемьяновтың шәкірттері кездесудің бағытын өзгертті. Вячеслав Основин мен Тревор Мерфи бір шайбадан соқты. "Барыс" сапынан Дінмұхамед Қайыржан биылғы маусымдағы алғашқы голын соғып, командасына үміт сыйлады.. Алайда астаналықтар есепті теңестіре алмады.

29 қазанда "Барыс" Уфада сырт алаңда өтетін серияны аяқтайды. Бұл күні Андрей Скабелканың шәкірттері "Салауат Юлаевқа" қарсы ойнайды.

 ібір" – "Барыс" 4:3 (1:2, 1:0, 2:1)

0:1 – 03:05 – Вей (Луис)

0:2 – 06:16 – Шестаков (Максимов, Мищенко)

1:2 – 16:16 – Коротков (Морозов)

2:2 – 32:30 – Шаров (Пьянов, Бутузов)

3:2 – 41:41 – Основин (Морозов, Бутузов)

4:2 – 45:27 – Мёрфи (Бек)

4:3 – 48:44 – Кайыржан (Луис, Бракко)

ҚақпашыларКостин – Бояркин

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу