"Барыс" қонақта "Автомобилисті" жеңді

1517

"Барыс" сырт алаңдағы матчтар сериясын Екатеринбургтен бастады. 21 желтоқсанда Юрий Михайлис шәкірттері "Автомобилистпен" кездесті.

"Барыс" қонақта "Автомобилисті" жеңді

Халықаралық үзіліске дейін "Автомобилисттің" Мәскеуге сапары сәтсіз аяқталды. Онда команда "Спартактан" 2:5 есебімен жеңілді. "Автомобилист" "Барыспен" өткен матч алдында Шығыс конференциясында жетінші орында еді. Команда 39 матчтан кейін 39 ұпай жинады. Екатеринбург командасы швед қақпашысы Йохан Матссонды сатып алу арқылы қақпашылар шебін нығайтты. Шабуылшы Анатолий Голышев та "Автомобилистке" ҰХЛ жүйесіндегі "Нью-Йорк Айлендерс" командасынан оралды. Сондай-ақ "Барысқа" қарсы ойында шабуылшы Алексей Макеев те ойыншылар тізімінде болды.

Ал соңғы турда "Барыс" өз алаңында "Нефтехимиктен" 1:3 есебімен жеңілген болатын. Ол ойында Якоб Берглунд қонақтарға соққан жалғыз голдың авторы атанды. Қақпашы Йони Ортио 22 соққыны қайтарды. Елордалық команда жеңіліске ұшырағанымен, Шығыс Конференциясында  сегізінші орынға тұрақтады. Юрий Михайлистің шәкірттері басты қарсыласынан бір ұпай ғана қалып қойды. Оған қоса халықаралық үзіліс кезінде команда қорғаушы Даррен Дицпен қош айтысты.  

Қыркүйек айының соңында "Барыс" пен "Автомобилист" маусымдағы алғашқы кездесуін өткізді. Нұр-Сұлтанда өткен ойында айдын иелері қосымша уақытта жеңіске жетті (5:4). Бұл жолы да елордалық команда қарсыласына жеңіске жетуге еш мүмкіндік қалдырмады. Халықаралық үзілістен кейінгі сырт алаңдағы матчтар сериясындағы алғашқы ойында "Барыс" "Автомобилисті" 2:0 есебімен жеңді. Ойынның бірінші кезеңінде айдын иелері тамаша шабуыл ұйымдастырғандарымен, Йони Ортионың осал тұсын таба алмады. Қонақтардың Егор Петуховтың шабуылынан кейін есеп ашуға мүмкіндіктері болды. Бірақ шабуылшы Йохан Матссонмен бетпе-бет шыққанымен, оны жеңе алмады.

Екінші кезеңде нұр-сұлтандықтар басымдықты қолға алып, есеп ашты. Команда капитаны Роман Старченконың дәл соққысы айдын иелерінің қақпасынан табылды. Үшінші кезеңнің басым бөлігін "Барыс" қарсыластар аймағында өткізді. Ал соңғы минутта "Автомобилисттің" бос қақпасына дәл соққы жасаған Линден Вэй кездесудің нүктесін қойды. Бұл матчта Йони Ортио тамаша жұмыс атқарып, 32 соққының барлығын қақпадан қайтарды.

"Автомобилист" - "Барыс" 0:2 (0:0, 0:1, 0:1)

0:1 – 34:12 – Старченко

0:2 – 59:21 – Вей (Морроу) 

ҚақпашыларМатссон – Ортио

Осы жеңістің арқасында "Барыс" 40 ұпай жинап, Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде жетінші орынға көтерілді. "Автомобилист" (39) сегізінші орынға түсіп қалды. Енді 23-желтоқсан күні "Барыс" Қазан қаласында "Ақ Барспен" кездеседі

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу