"Барыс" қонақта "Металлургқа" жеңілді

1840

Сырт алаңдағы матчтар сериясының алғашқы кездесуінде "Барыс" Магнитогорскінің "Металлург" командасынан жеңіліп қалды.

"Барыс" қонақта "Металлургқа" жеңілді

Алғашқы кезеңде бірнеше қызықты сәттер болғанымен, "Металлург Аренасының" көрермендері соғылған голдарды көре алмады. Есеп екінші кезеңнің басында ашылды. Кирилл Панюков алға озып, өз мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Ал кезеңнің ортасында Андрей Нестрашил таблодағы көрсеткішті теңестірді.

Үшінші кезеңде Михаил Пашнин "Металлург" командасын алға шығарды. Бірнеше минуттан кейін Николай Голдобин алаң иелерінің басымдығын нығайтты. Нәтижесінде кездесу 3:1 есебімен, айдын иелерінің пайдасына аяқталды.

"Металлург" – "Барыс" 3:1 (0:0, 1:1, 2:0)

0:1 – 23:47 – Панюков (Линтуниеми)

1:1 – 31:10 – Нестрашил (Бек, Кулёмин) ГБ

2:1 – 46:41 – Пашнин (Кошелев)

3:1 – 54:18 – Голдобин (Бек, Расмуссен)

Қақпашылар: Олкинуора – Карлссон

Кездесу аяқталған соң екі команданың бас бапкерлері ойынға қатысты өз пікірлерімен бөлісті.

"Екі кезеңнен аса уақыт бойы керемет ойнадық.  Матч жақсы өтті. Ойын барысында қарсыластарымыздан басым болдық деп ойлаймын. Бізде гол соғуға мүмкіндіктер болды. Қорғаныста және орталық аймақта жақсы ойнадық. Бірақ кейбір хоккейшілеріміздің қателігінен жеңіліп қалдық", - деді "Барыс" ХК бас бапкері Юрий Михайлис.

"Кездесу біз жоспарлағандай өтті. Бірінші голды өз қателігімізден жіберіп алдық. Содан кейін жақсы жұмыс істеп, қарсы шабуылдарда екі гол соқтық" - деді "Металлург" ХК бас бапкері Илья Воробьев.

Барлығы 52 ойын өткізіп, 60 ұпай жинаған елордалық хоккей клубы Шығыс Конференциясында 8-орында қалды. Енді"Барыс" келесі матчты қонақта "Сібірге" қарсы өткізеді. Ал содан кейін қайта "Металлургпен" кездеседі.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу