"Барыс" қытайлық клубты жеңді

1516

Құрлықтық Хоккей Лигасының аясында өткен кездесуде қазақстандық "Барыс" қытайдың  "Куньлунь" хоккей клубынан басым түсті.

"Барыс" қытайлық клубты жеңді

Кездесу Нұр-Сұлтан қаласында өтіп, 3:2 есебімен, айдын қожайындарының пайдасына аяқталды. Кездесудің 4-минутында "Барыс" хоккейшісі Виктор Сведберг есеп ашса, 21-минутта қонақтардан Герман Шапорев таразы басын теңестірді. 24-минутта қазақстандық Якоб Лилья командасын алға шығарды. Ал ойынның 45-минутында Никита Михайлис есепті 3:1-ге жеткізді. Содан соң қытайлық клубтың ойыншысы Денис Осипов 53-минутта есепті 3:2-дейін қысқартты.

Сондай-ақ Лильяның бүгінгі голы қазақстандық клуб сапындағы алғашқы голы болды және ол Михайлиске нәтижелі пас шығарып берді.

Осы ойыннан соң 5 ұпай жинаған "Барыс" Құрлықтық Хоккей Лигасының турнирлік кестесінде 7-сатыға көтерілді. Ал қытайлық "Куньлунь" осымен 4-мәрте жеңіліс тапты және жалпы есепте 11-орынға жайғасты.

Матч аяқталған соң "Куньлунь" және "Барыс" хоккей клубтарының бас бапкерлері бүгінгі ойынға қатысты өз пікірлерін білдірді.

"Жігіттер бүгін барын салып ойнады. Олар командар ретінде жақсы ойын өрнегін көрсетті. Қорғаушыларымыздың бірі жарақат алып қалғандықтан кездесу бізге қиынға соқты және ойын соңында күшімізді де сарқылды. Бірақ, жігіттер жарады", - деді қытайлық команданың бас бапкері Алексей Ковалев.  

"Екатеринбургте ұтылғаннан кейін қарсыластарымыз жылдам ойын мәнерін көрсетеді деп күткенбіз. Команда жеңіс үшін таласуға келгені юбайқалып тұрды. Ал біздің командамызға келер болсақ, жаман ойнаған жоқ", - деді "Барыстың" бапкері Юрий Михайлис.

ҚХЛ: Тұрақты чемпионат

"Барыс" - "Куньлунь" 3:2

Голдар: Сведберг, 4-минутта(1:0); Шапорев, 21--минутта (1:1); Лилья, 24--минутта (2:1); Михайлис, 45 -минутта (3:1) Денис Осипов 53-минутта (3:2)

Елордалық команда келесі кездесуді өз айдынында 12-қыркүйек күні Мәскеудің "Динамосына" қарсы өткізеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу