"Барыс" "Ладаға" жол берді

509

"Барыс" 2024 жылғы алғашқы өз айдынындағы матчтар сериясын "Лададан" жеңіліспен бастады.

"Барыс" "Ладаға" жол берді Фото: hcbarys.kz

Понтус Оберг команданың соңғы төрт матчын өткізіп алған соң, командаға қайта оралды. "Барыс" сапында 24 қазаннан бері ҚХЛ-да өнер көрсетпеген Аңсар Шайхмедденов те қатарға қосылды.

Астанадағы кездесу 3:0 есебімен тольятиялықтардың пайдасына аяқталды. Голдарды Никита Попугаев (11-минут), Андрей Алтыбармакян (31-минут) және Трой Йозефс (39-минут) соқты. Үшінші кезеңде айдын қожайындары жағдайды түзетуге бар күш-жігерін салды. Бірақ Владислав Подяпольскийдің осал тұсын табу мүмкін болмады.

Осы кездесуден кейін "Барыс" қатарынан төрт рет жеңіліске ұшырады. Астаналық команда бұған дейін "Қазандық "Ақ Барс" (0:1 В), "Салават Юлаев" (3:5) және "Трактормен" (1:5) өткен ойындарда жеңілген болатын. Келесі кездесуде "Барыс" 16 қаңтар күні Астанада "Салават Юлаевты" қабылдайды.

"Барыс" – "Лада" 0:3 (0:1, 0:2, 0:0)

0:1 – 10:59 – Попугаев (Сафин)

0:2 – 30:39 – Алтыбармакян (Михайлов, Березин)

0:3 – 38:19 – Джозефс (Кугрышев, Бородкин)

Қақпашылар: Шутов – Подяпольский

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу