"Барыс" мәскеулік "Динамодан" ұтылды

1133

Елордалық хоккей клубы өз алаңындағы матчтар сериясының төртінші ойынында мәскеулік "Динамодан" 2:4 есебімен жеңілді.  

"Барыс" мәскеулік "Динамодан" ұтылды

Ресей астанасынан келген команда арнайы таныстыруды қажет етпейді. Себебі "Динамо" ҚХЛ Батыс конференциясының көшбасшыларының қатарында. Алексей Кудашовтың шәкірттері 34 кездесуден кейін 46 ұпай жинап, Батыста үшінші орынға тұрақтаған.

Команда соңғы бес кездесудің төртеуін жеңіспен аяқтаған екен. Соңғы турда "Динамо" өз алаңында "Ақ Барсты" 4:1 есебімен жеңді. Лиганың үздік сұрмергені Вадим Шипачев дубль жасаса, Эрик О'Делл мен Богдан Якимов та бір-бір голдан соқты.

"Барыс" өткен сенбіде өз алаңында "Витязьбен" жақсы ойын өткізді. Алайда мүмкіндіктерін іске асыра алмай, айдын иелері тағы да қапы қалды. Нәтижесінде Подольскіден келген ұжым Қазақстаннан екі ұпаймен қайтты. Қорытынды есеп 3:1. Ағымдағы маусымда "Барыс" пен "Динамо" Мәскеуде бір матч өткізді. Ол уақытта алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұл жолы да алғашқы кезеңде қонақтар басымдық танытты. Сегізінші минутта "Динамо" сапынан Антон Ведин, Вячеслав Воинов және Оскар Линдбергтер үш гол соқты. Үшінші голдан кейін "Барыс" қақпасына Йони Ортионың орнына Никита Бояркин шықты.

Алаң иелері екінші кезеңнің соңында Бочаровтың осал тұсын тапты. Коди Куник Юрчо мен Дицтің шығарған пасынан кейін есеп айырмасын қысқартты. Үшінші кезеңнің бірінші ауысымында айдынға шыққан Вадим Шипачёв тағы да трибунадағы көрермендер көңіліне қаяу түсірді. "Барыстың" кезең соңғы кезең ортасында ұйымдастырған қарсы шабуылының нәтижесінде Кертис Волк есепті 2:4-ке жеткізді. Бірақ Юрий Михайлистің командасы есепті теңестіре алмады. Осылайша, "Барыс" өз айдынында қатарынан екінші матчта жеңіліс тапты.

 "Барыс" - "Динамо" М. 2:4 (0:3, 1:0, 1:1)

0:1 – 00:19: Ведин (Сергеев, Шипачёв)

0:2 – 03:47: Войнов (Шипачёв)

0:3 – 07:27: Линдберг (Рашевский, О’Делл)

1:3 – 37:25: Куник (Юрчо, Диц) ГБ

1:4 – 40:38: Шипачёв (Белов)

2:4 – 48:13: Волк (Михайлис)

ҚақпашыларОртио (Бояркин, 07:27-60:00) – Бочаров

4 желтоқсан күні "Барыс" сырт алаңда Нефтехимикпен ойнайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу