"Барыс" маусымды жеңіліспен аяқтады

765

Тұрақты маусымның соңғы матчында "Барыс" "Локомотивтен" ұтылды.

"Барыс" маусымды жеңіліспен аяқтады

Ойын басталған сәтте-ақ қонақтардың ұйымдастырған алғашқы шабуылы нәтижелі аяқталды. "Локомотив" сапынан Максим Осипов есеп ашты. Дегенмен елордалық хоккей клубы қарап қалмады. Самат Даниярдың көк сызықтан лақтырған шайбасы Бочаров қорғайтын қақпадан табылды. Осылайша кездесудің 4-минутында есеп теңесті. Айта кетейік, бұл шабуылдың ассистенті Никита Михайлис болды. Бірақ Ярославль командасы үзіліске көшбасшы ретінде кетті. Павел Красковский Полунин пен Черепанов ұйымдастырған қарымта шабуылдың нүктесін қойды.

Екінші жиырма минуттық кезеңде қонақтар жергілікті жанкүйерлерді қапы қалдырды.Осипов тағы бір алыстан соққысымен дубль жасады. Одан кейін Сергей Андронов кезекті шабуылдан кейін бос қақпаға дәл тиді. Матчтың 34-минутында Дмитрий Шевченко қазақстандық жанкүйерлерге үміт отын сыйлағандай болды. Есеп 2-4 болғанда, "Локомотив" ойынды бақылауды жалғастырды. Соңғы үшінші кезеңде командалар тағы бір-бір голдан соқты. Нәтижесінде матч "Локомотив" командасының пайдасына 2:5 есебімен аяқталды.

Осылайша "Барыс" Құрлықтық Хоккей Лигасының 2022/23 жылғы маусымдық бағдарламасын аяқтады. 61 ұпай жинаған Андрей Скабелка шәкірттері Шығыс конференциясында 11-орынға тұрақтады.

 "Барыс" – "Локомотив" 3:5 (1:2, 1:2, 1:1)

0:1 – 01:34 – Осипов (Полунин, Ильенко)

1:1 – 04:18 – Данияр (Михайлис, Гайтамиров)

1:2 – 07:07 – Красковский (Полунин, Черепанов)

1:3 – 26:13 – Осипов (Каюмов, Берёзкин)

1:4 – 27:44 – Андронов (Елесин)

2:4 – 34:27 – Шевченко (Михайлис, Вей)

2:5 – 44:24 – Никулин (Иванов)

3:5 – 47:14 – Рахманов (Петухов)

ҚақпашыларБояркин – Бочаров

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу