"Барыс" овертаймда ЦСКА-ға жеңілді

1453

Тартысты өткен матчта "Барысқа" сәттілік жетіспеді.

"Барыс" овертаймда ЦСКА-ға жеңілді

Өткен турда ЦСКА "Автомобилистпен" кездесті. 27-минутта ойыншылар 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Алайда, содан кейін мәскеулік ұжым есепті теңестіріп қана қоймай, овертаймда жеңіске жетті. Ал "Барыс" сенбі күні Хельсинкидегі еуропалық турнесін аяқтады. Нұр-Сұлтандық команда айып соққылары бойынша "Йокериттен" жеңіліп қалды - 2:3.

Айта кетейік, соңғы рет ЦСКА мен "Барыс" өткен аптада Мәскеуде кездескен болатын. Ол уақытта маусымның ең нәтижелі ойынын өткізген елордалық команда 6:3 есебімен жеңіске жеткен еді.

Ал Нұр-Сұлтандағы қарымта кездесуде алғашқы кезеңнің ортасында ойыншылар саны жағынан басымдыққа ие болған айдын иелері есеп ашты. Старченко Михайлиске тамаша пас шығарды. Ал "Барыстың" 10 нөмірлі ойыншысы өз кезегінде бұл мүмкіндікті сәтті пайдаланды. Екінші кезеңде елордалық команда қарсыластар қақпасына төрт рет шабуыл ұйымдастырып, басымдықтарын көрсетті. Алайда, шайба қақпадан табылмады.

Бірақ үшінші кезеңнің аяқталуына аз уақыт қалғанда қонақтардан Окулов гол соғып, есепті теңестіріп кетті. Нәтижесінде ойын овертаймға ұласты.  Қосымша уақытта ЦСКА-ға тағы да Окулов гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.

 "Барыс" – ЦСКА 1:2 ОТ (1:0, 0:0, 0:1, 0:1)

1:0 – 11:32 – Михайлис (Старченко, Диц)

1:1 – 54:35 – Окулов (Плотников, Гилмор)

1:2 – 63:00 – Окулов (Нестеров)

Қақпашылар: Ортио – Рейдеборн

Жеңіліс тапқан "Барыс" Шығыс конференциясында сегізінші орында қалды. Команда сегіз ойыннан кейін алты ұпай ғана жинады. Ал ЦСКА тоғыз кездесуде жалпы есепте 14 ұпай жинап, Батыс конференциясында бірінші орынға шықты. Енді 25 қыркүйекте Юрий Михайлистің командасы "Барыс-Аренада" "Сібірмен" ойнайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу