"Барыс" овертаймда қытайлық команданы жеңді

1300

"Барыс" тұрақты маусымның сырт айдындағы соңғы матчтар сериясын Мытищиде ашты. Астаналық команда "Куньлунь ред Стар" командасымен шеберлік байқасты.

"Барыс" овертаймда қытайлық команданы жеңді

Аспан асты ел астанасының командасы соңғы үш кездесуде қарсыластарынан жеңіліс тапқан. Өткен матчта Грег Айрленд шәкірттері сырт айдында "Витязьге" есе жіберді (1:5). Джек Родуолд қытайлық ұжым соққан жалғыз шайбаның авторы атанды. Цзэхао Сунь қақпасына бағытталған 23 соққыға тойтарыс берді.

64 матчтан кейін "Куньлунь" қоржынында 48 ұпай бар. Бұл команданың Батыс конференциясы плей-офф кезеңіне шығу үшін талас жүргізуіне мүмкіндік бермейді. Команданың ең үздік сұрмергені – Брэндон Ип (21+21).

"Барыс" сәрсенбі күні өз айдынында минскілік "Динамоға" есе жіберіп, сол ойын күнінің нәтижесінде плей-офф сегіздігіне ену мүмкіндігінен айырылды. Никита Михайлис пен команданың үздік снайпері атағын өзіне қайтарып алған Линден Вей нәтижелі соққылардың авторы атанды.

Маусымдағы 64 ойыннан кейін қазақстандық команда қоржынында 59 ұпай бар. Команданың ең нәтижелі ойыншысы Джереми Бракко (14+25) маусымдағы 40-ұпайын еншілеуге бір табан жақын тұр. Дмитрий Гурков жарақат алғандар тізімнен шығарылды, ал Юрий Сергиенко мен Егор Шалапов бұл ойында командаға көмектесе алмайды.

Қазан айында командалар Астанада маусымдағы алғашқы бетпе-бет кездесуін өткізген. Ол матчта қытайлық ұжым 5:0 есебімен сенімді жеңіске қол жеткізді.

Кездесу "Мытищи" Аренасы мұз айдынында Астана уақытымен 20:00-де басталды. Денсаулығына байланысты айдынға шыға алмаған Аңсар Шайхмедденовтің орнын Дмитрий Гурков алмастырды. Алғашқы минуттардан бастап Никита Бояркин қақпадан орын алды.

Бірінші кезең тартысты өтті. Айдын иелерінің алғашқы болып есеп ашуға мүмкіндіктері болды. Алайда Брэндон Иптің соққысы қақпа бағанысанан қайтты.  Матчтағы бірінші гол "Барыс" командасының еншісіне жазылды.Гол авторы Линден Вэй. Ұзақ уақыт бойы астаналықтар минималды басымдылықты сақтап қалды. Бірақ ойын аяқталуға бірнеше минут қалғанда Джек Родвальд Никита Бояркиннің осал тұсын тауып, есепті теңестіріп кетті. Овертаймда қонақтар Никита Михайлистің күшімен басымдықты қолға алып, екі ұпайға қол жеткізді. Андрей Скабелка үшін бұл ҚХЛ-дағы 300-ші жеңіс болды. Енді 20 ақпанда қазақстандықтар Омбыда "Авангардпен" ойнайды.

 "Куньлунь Ред Стар" – "Барыс" 1:2 ОТ (0:0, 0:1, 1:0, 0:1)

0:1 – 32:49 – Вей (Ножье, Шевченко)

1:1 – 56:18 – Родуолд (Фрэм)

1:2 – 61:32 – Михайлис (Вей, Бракко)

ҚақпашыларДжурусик – Бояркин

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу