"Барыс" овертаймда "Салауат Юлаевқа" жеңілді

2341

Келесі матчта "Барыс" өзінің басты қарсыласымен кездеседі.

"Барыс" овертаймда "Салауат Юлаевқа" жеңілді

Соңғы кездесуде уфалық команда "Амурды" жеңген болатын. Бейсенбіде Томи Ламсаның шәкірттері 3:2 есебімен қарсыластарын тізе бүктірді. Гол авторлары Родион Амиров, Михаил Науменков және Сакари Маннинен. Ал қақпашы Даниил Тарасов 31 соққыны қайтарды. "Барыспен" кездесу алдында "Салауат Юлаев" 52 матчтан кейін 67 ұпаймен Шығыс конференциясында 4-орынға жайғасқан еді. Ойыншылардын шабуылшылар Данил Башкиров пен Михаил Воробьёв жарақат алды.

Ал "Барыс" соңғы кездесуінде өз алаңында "Нефтехимикті" сенімді түрде 4:1 есебімен жеңді. Якоб Лилья дубль жасаса, Дмитрий Шевченко биылғы маусымдағы алғашқы шайбасын соқты. Тағы бір голдың авторы Егор Петухов Хенрик Карлссон қақпаға бағытталған 25 соққыны қайтарды.

Ағымдағы маусымда "Барыс" пен "Салауат Юлаев" үш матч өткізді. Оның екеуінде Ресей құрамасы жеңіс тойын тойлады. Бұл жолы да уфалық команда "Барыстан" айласын асырды.

Кездесудің төртінші минутында Кирилл Панюков есеп ашты. Кезеңнің ортасында Никита Михайлис тамаша комбинациядан нәтиже шығарып, есепті еселей түсті. 3-кезеңнің ортасында Филипп Ларсен бір гол соқты. Осыдан кейін бірден Сакари Маннинен таблодағы көрсеткішті теңестірді. Ойын овертаймға ұласты. Қосымша уақытта Александр Кадейкиннің соққан голы "Салауат Юлаевқа" жеңіс сыйлады.

 "Барыс" – "Салауат Юлаев" 2:3 ОТ (2:0, 0:0, 0:2, 0:1)

1:0 – 03:41 – Панюков (Блэкер)

2:0 – 12:54 – Михайлис (Волк, Лилья)

2:1 – 50:02 – Ларсен (Науменков, Маннинен)

2:2 – 51:32 – Маннинен (Коледов)

2:3 – 61:14 – Алексеев (Плэтт, Маннинен)

ҚақпашыларКарлссон – Метсола

Өз айдынындаға матчтар сериясын "Барыс" 1-ақпан күні "Автомобилиспен" өтетін кездесумен аяқтайды.

 Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу