"Барыс" өз айдынында "Металлургке" жеңіліп қалды

1495

Келесі матч 19-қараша күні өтеді.

"Барыс" өз айдынында "Металлургке" жеңіліп қалды

Сейсенбіде "Барыс" өз айдынындағы матчтар сериясындағы кезекті ойындардың бірін өткізді. "Металлург" Қазақстанға Новосібірден келді. Жексенбіде Илья Воробьев командасы жергілікті "Сібірден" - 2: 3 есебімен жеңіліп қалған болатын. Шығыс кестесінде "Металлург" "Барыс" командасынан бір сатыға жоғары тұр. "Барыспен" кездесу алдында магнитогорскілік команданың төрт ойыншысы - қақпашы Артём Загидуллин, қорғаушылар Михаил Пашнин, Владислав Семен және шабуылшы Николай Кулеминдер жарақат алған еді.

Ал "Барыс" құрамында бірқатар өзгерістер болды. Ойыншылар тізіміне Никита Клещенко мен Павел Акользиннің орнына Әлихан Әсетов пен Егор Шалапов енгізілді.

Кездесуде есеп бірден ашыла қойған жоқ. Екі команда да шабуылдап көргенімен, бұл талпыныстары нәтижесіз аяқталды. Көрермендер бірінші голды жарты сағаттан астам күтуге мәжбүр болды. Гол авторы "Барыстың" жаңа ойыншысы Фил Вароне. Оның қақпаға бағыттаған дәл соққысының арқасында есеп ашылды. Ал қонақатар үшінші кезеңде ғана белсенділік таныта бастады. Бұл жолы "Металлург" хоккейшісі Николай Прохоркин шайба соқты. Нәтижесінде есеп теңесіп, ойынға берілген уақыт та аяқталды. Содан кейін қосымша уақытта хоккейшілер қақпаға соққы бағыттауға көшті. "Металлург" ойыншысы Прохоркиннің қақпаға бағытталған соққысы сәтті аяқталып, нәтижесінде қонақтар жеңіске жетті.

Барыс – Металлург – 1:2 Б (0:0, 1:0, 0:1, 0:0, 0:1)
1:0 Вароне (Диц, Старченко) 30:42 ГБ

1:1 Прохоркин (Хлыстов, Плотников) 40:35
1:2 Прохоркин 65:00 ПБ

Бұл жолғы сәтсіздіктен соң қазақстандық команда 25 ұпай Шығыс конференциясында 8-орынға жайғасты. Енді "Барыс" үй сериясының соңғы матчын бейсенбіде өткізеді. Олар "Барыс-Аренада" "Авангардты" қабылдайды. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30-да басталады және коронавирус пандемиясына байланысты ойын көрермендерсіз өтеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу