"Барыс" өз айдынында "Тракторға" жеңілді

2275

"Барыс-Аренада" өткен кездесуде елордалық команда қарсыластарына 2:3 есебімен жол берді.

"Барыс" өз айдынында "Тракторға" жеңілді

Өз айдынындағы төрт матчтық ойындар сериясын "Барыс" "Трактормен" өткен кездесумен бастады. Челябинскілік команда соңғы өткізген төрт матчтың үшеуінде жеңіске жетті. Соңғы турда Анвар Гатиятулиннің шәкірттері қосымша уақытта "Салауат Юлаевты" 2:1 есебімен жеңген болатын. Ал сенбі күні Юрий Михайлистің командасы 5:4 есебімен овертаймда "Витязьден" басым түсті. Биылғы маусымда "Барыс" пен "Трактор" бір кездесу өткізді. Желтоқсан айында Челябинскіде қазақстандық команда 4:2 есебімен жеңіс тойын тойлаған еді. Ал бұл жолы "Трактор" есе қайтарды.

Бірінші кезеңде қонақтар басым түсіп, Алексей Бывалов алашқы болып есеп ашты. Үзіліс кезінде Хенрик Карлссон "Барыс" қақпасына Ортионың орнына келді. Ал екінші кезеңде "Барыс" хоккейшісі Федотовтың қақпасынан саңылау тапты. Алайда қонақтардан тағы екі хоккейші - Сергей Калинин мен Виталий Кравцов гол соқты. Үшінші кезеңнің соңында Нұр-Сұлтандық команда белсенді өнер көрсетті. Бірақ бұл елордалықтардың жеңіске жетуіне аздық етті.

Кездесу аяқталғаннан кейін "Трактор" және "Барыс" командаларының бас бапкерлері ойынға қатысты өз пікірлерімен бөлісті.

"Жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Бізге ұпай қажет болды. Алғашқы кезеңде нәтижелі жұмыс атқарғанымызбен, екінші және үшінші кезеңде басымдылықты жоғалттық. Бірақ, соған қарамастан ойыншыларымыз жанқиярлықпен ойнады. Бүгін жеңіске жету маңыздырақ болды. Біз жеңдік. Енді келесі ойынға дайындаламыз", - деді "Трактор" ХК бас бапкері Анвар Гатиятулин.

"Бірінші кезеңді "Трактор" өте қуатты, агрессивті, белсенді бастады. Біз бұған дайын болмадық. Екінші кезеңде біз ойынды теңестіріп, қарсыластың аймағында шайбаға көбірек иелік еттік. Қақпаға қауіп төндіріп, гол соғу үшін бірнеше жақсы мүмкіндік жасадық. Қателікке бой алдырып, екі гол жіберіп алдық. Үшінші кезеңде де қарсыластар бар күштерін салды. Бізде гол соғу мүмкіндігі болды. Бірақ, қарсыластарымыз керемет ойнады", - "Барыс" ХК бас бапкері Юрий Михайлис.

"Барыс" – "Трактор" 2:3 (0:1, 1:2, 1:0)

0:1 – 11:01 – Бывальцев (Калинин, Пилут)

1:1 – 32:33 – Петухов (Орехов, Старченко)

1:2 – 33:04 – Калинин (Пилут)

1:3 – 34:02 – Кравцов (Гика, Бэйлен)

2:3 – 51:48 – Орехов (Лилья, Петухов)

ҚақпашыларОртио (Карлссон, 20:00-60:00) – Федотов

Енді 28 қаңтарда "Барыс" өз алаңында "Нефтехимикпен" ойнайды.

Ермұхамед Мәулен

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу