"Барыс" плей-офф аймағына шықты

2116

Сырт алаңдағы ойындар сериясының алғашқы матчында "Барыс" "Трактордан" басым түсті.

"Барыс" плей-офф аймағына шықты

Қонақтар есепті бірінші кезеңнің ортасында ашты. Ойыншылар арасынан Роман Старченко белсенділігімен бірден көзге түсті. Көп ұзамай "Трактордың" хоккейшілері басымдылық таныта бастады. Нәтижесінде алаң иелері "5-те 3" форматта бір минуттан астам ойнады. Бірақ үзіліске дейін есеп өзгерген жоқ.

Екінші кезеңде Нұр-Сұлтандық команда ойынды өз иелігіне алды. "Барыс" жиі шабуылдап, нәтижелі ойнай бастады. Старченко мен Сагадеев қарсыластар аймағында шайбаға иелік етіп, ал Михайлис алыстан бағытталған соққыны голға айналдырды.

Соңғы үшінші кезең басталысымен-ақ Фрэттин "Барыс" командасының басымдылығын одан әрі нығайтты. Алайда, "Трактор" тез арада есеп айырмашылығын қысқартуға тырысты. Нәтижесінде Пилут гол соқты. Бір минуттан астам уақыт өткен соң Линус Виделль төртінші рет Челябинск жұртшылығының көңілін қалдырды. Бірақ бұл көрсеткішпен кездесу аяқтала қоймады. 48-минутта "Трактор" хоккейшісі Лукаш Седлактың "Барыс" қақпасына дәл бағыттаған соққысы голға айналды. Соңғы минуттар "Барыс" аймағында өтті. Бірақ қонақтар бұдан әрі гол жіберген жоқ. Нәтижесінде матч 4:2 есебімен аяқталды.

"Трактор" – "Барыс" 2:4 (0:1, 0:1, 2:2)

0:1 – 09:13 – Старченко (Орехов) ГБ

0:2 – 29:52 – Михайлис (Старченко, Сагадеев)

0:3 – 42:28 – Фрэттин (Старченко, Орехов) ГБ

1:3 – 45:33 – Пилут (Оберг) ГБ

1:4 – 46:55 – Виделль (Лилья)

2:4 – 48:07 – Седлак (Гика, Кравцов)

"Трактор" - "Барыс" (2-4) матчынан кейін екі команданың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

"Жақсы ойын болды. Біз көп күш жұмсадық. Команда барын салып, жоғары деңгейде ойнады. Сол үшін оларға алғыс айтқым келеді. Команда ойынға арналған жоспарды толықтай орындады", - деді "Барыс" ХК бас бапкері Юрий Михайлис.

 "Өкінішке орай, біз матчты ойымыздағыдай ойнай алмадық. Бізді дисциплина осындай нәтижеге әкелді. Кейбір сәттерде қарсыластың қорғанысын бұза алмадық. Дегенмен, бәрі барынша тырысты. Сонымен қатар жанкүйерлерге алғыс білдіреміз", - деді "Трактор" ХК бас бапкері Анвар Гатиятулин.

Осы жеңістен кейін "Барыс" 35 ұпай жинап, тоғызыншы орыннан сегізінші орынға көтерілді және Новосібірдің "Сібірінен" бір саты алға шықты. Келесі матчты "Барыс" 19-желтоқсанда Қытайдың "Кунлунь Ред Стар" командасына қарсы өткізеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу