"Барыс" Шанхайда жеңіске жетті

114

Елордалық ұжым қарсыласын ірі есеппен жеңді.

"Барыс" Шанхайда жеңіске жетті Фото: hc-dragons.com

"Барыс" сырт алаңдағы ойындар сериясын Шанхайда жалғастырып, жергілікті "Айдаһарлармен" кездесті. Нәтижелі өткен матчта астаналық команда 8:4 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы кезеңде жеті шайба соғылды. "Барыс" сапынан Кирилл Савицкий, Майкл Веккьоне және Мэйсон Морелли мергендік танытты. Сондай-ақ, Борна Рендулич те қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Екінші кезеңде Майкл Веккьоне дубль авторы атанып, Семён Симонов та гол соқты. Соңғы кезеңде Всеволод Логвин мен Веккьоне тағы бір-бір шайбадан салды. Нәтижесінде "Барыс" 8:4 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, ойын барысында есеп 7:4 болып тұрған сәтте "Барыс" пен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Әлихан Әсетов алаң иелерінің қорғаушысы Уайт Калинюкпен төбелесіп, жекпе-жекте басым түсті.

Келесі ойында "Барыс" 10 наурыз күні Хабаровскіде "Амур" командасымен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу