"Барыс" Шығыс конференциясының көшбасшысынан жеңілді

1003

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында қонақта "Барыс" "Металлургке" есе жіберді.

"Барыс" Шығыс конференциясының көшбасшысынан жеңілді

Биылғы маусымда "Барыс" пен "Металлург" Қазақстанның астанасында бір ойын өткізді. Бұл кездесуде ресейлік ұжым еңбек жеңісіне қол жеткізді (2: 1). Соңғы турда магнитогорлықтар ЦСКА-ны өз алаңында 4: 0.таза ұтса, ал "Барыс" Нұр-Сұлтанда "Автомобилисті" 5:4 есебімен жеңді.

Бұл жолғы кездесу Магнитогорск қаласында өтті және 4: 3 есебімен айдын иелерінің пайдасына аяқталды. Кездесудің алтыншы минутында Кертис Волк  Никита Михайлис пен Даррен Дицтің шығарған пасынан кейін гол соғып, командасын алға шығарды. 24-минутта Мэтт Фрэттин есепті еселей түсті. Оған Максим Мусоров пен Коди Куник көмектесті. Дәл сол уақытта Якоб Берглунд алаңнан қуылды. Ал басымдықты пайдаланған Никита Коростелев есеп айырмашылығын қысқартты.

28-минутта Куник "Барыс" сапындағы алғашқы голын соқты. Алайда қазақстандық клуб 3: 1 есебін сақтап қала алмады. Екінші кезеңнің соңғы секундтарында Андрей Чибисов есеп айырмасын минимумға дейін қысқартты. Матчтың үшінші кезеңінде 44-минутта Артем Земченок таблодағы көрсеткішті теңестірді. Ал 51-минутта соғылған  Брендан Лейпсиктің голы "Металлургке" жеңіс сыйлады.

Магнитогорскілік клуб ҚХЛ Шығыс конференциясында бірінші орынды сақтап қалса, ал Барыс сегізінші орында тұр. Келесі матчты Юрий Михайлис шәкірттері 1 қазан күні Мәскеуде "Динамоға" қарсы өткізеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу