"Барыс" "Спартактан" жеңіліп қалды

1020

Өз айдынындағы матчтар сериясының финалдық кездесуінде "Барыс" "Спартактан" 1: 4 есебімен ұтылды.

"Барыс" "Спартактан" жеңіліп қалды

Бейсенбіде "Спартак" жаңа маусымда алғаш рет жеңіліс тапты. Уфада мәскеулік команда "Салауат Юлаевтан" 1: 2 есебімен ұтылды. Ал Барыс сәрсенбіде Амурдан басым түсіп, осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізген болатын. Айдын иелерінің бапкерлік штабы ойыншылар құрамын өзгертпеді. Сондықтан сәрсенбіде Батыс конференциясының көшбасшыларының бірімен "Амурды" жеңген хоккейшілердің барлығы бүгінгі ойынға қатысты.

Жалпы өткен маусымда "Барыс" пен "Спартак" екі кездесу өткізіп екі рет те қазақстандық команда жеңімпаз атанды. Бірақ бұл жолы ойын мүлде басқаша өрбіді. "Спартак" бірінші үзіліске аз уақыт қалғанда есеп ашты. Гол авторы Александр Никишин. Екінші кезеңде қонақтар Александр Хохлачев пен Андрей Локтионовтың дәл соққыларының арқасында есепті еселей түсті. "Барыс" бұған Аркадий Шестаковтың соққан бір голымен ғана жауап берді. Ал қонақтардан Эмиль Петтерсон матчтың нүктесін қойды.

 "Барыс" - "Спартак" 1:4 (0:1, 1:2, 0:1)

0:1 – 15:11 – Никишин (Вишневский, Кугрышев)

0:2 – 31:22 – Хохлачёв (Никишин)

1:2 – 32:42 – Шестаков (Михайлис, Орехов)

1:3 – 34:07 – Локтионов (Кугрышев, Хохлачёв)

1:4 – 54:00 – Петтерссон (Лехтеря, Широков)

ҚақпашыларОртио – Красиков

14 қыркүйекте Михайлис шәкірттері жаңа маусымдағы сырт алаңдағы алғашқы кездесуін Мәскеуде ЦСКА-ға қарсы өткізеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу