"Барыс" тағы да плей-оффсыз қалды

109

Астаналық "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) 2025/26 жылғы маусымында плей-офф кезеңіне шыға алмады.

"Барыс" тағы да плей-оффсыз қалды

Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде сегізінші орында тұрған новосібірлік "Сібір" сырт алаңда қытайлық "Шанхай Дрэгонс" командасын 2:1 есебімен жеңді. Осы жеңістен кейін ресейлік клуб "Барыстан" 13 ұпайға ұзап кетті. Ал қазақстандық командаға тұрақты чемпионат аяқталғанға дейін небәрі алты ойын ғана қалды. Сондықтан елордалық ұжымның плей-офф аймағына көтерілу мүмкіндігі жоқ. 

Айта кетейік, "Барыс" соңғы рет ҚХЛ плей-офф кезеңіне 2021/22 маусымында шыққан болатын. Содан бері астаналық команда төртінші жыл қатарынан бұл межені бағындыра алмай келеді. Клуб тарихындағы ең жоғары жетістігі плей-оффтың ширек финалы.

Келесі ойынын "Барыс" 7 наурыз күні сырт алаңда "Шанхай Дрэгонс" командасына қарсы өткізеді. Қазақстандық ұжым бұл кездесуге дейін қатарынан бес матчта жеңіліс тапқан. 

Айта кетейік, биылғы маусымда команданы ресейлік маман Михаил Кравец жаттықтыруда. Алайда әзірге оның жетекшілігімен команда тұрақты нәтижеге қол жеткізе алмай отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу