"Барыс" тағы да жеңілді

1780

4 қазанда "Барыс" "Нефтехимикпен" болған ойынмен қысқа үй айдынындағы ойындар сериясын жапты.

"Барыс" тағы да жеңілді

Нижнекамск қаласының ұжымы чемпионатты сәтті бастады деуге келмес. Алайда Олег Леонтьевтің шәкірттері Астанаға қатарынан үш жеңістен тұратын сериямен келді. Жексенбі күні "Нефтехимик" сырт айдында "Тракторды" 2:1 есебімен жеңді.

Павел Рядин мен Андрей Чивилев гол авторлары атанды. Қақпашы Эмиль Гарипов өзінің бұрынғы командасының қақпаға бағытталған 21 соққысын қайтарды. "Нефтехимик" бапкері өз командасының орындауындағы жұмылдырлған және агрессивті ойынды атап өтті. Матч алдында "Нефтехимик" командасының қоржынында 13 матчтың қорытындысы бойынша 7 ұпай болды. Бұл – Шығыс конференциясындағы соңғы орын.

Ал "Барыс" кезекті матчқа қатарынан үш жеңістен тұратын сериядан кейін кірісті. Өткен турда қазақстандықтар өз айдынында овертаймда "Сочи" командасын 5:4 есебімен жеңген еді. Он ұпай көрсеткішіне жеткен Линден Вей қос шайба авторы атанды, Антон Сағадеев, Джереми Бракко және Энтони Луис бір шайбадан соқты. Андрей Скабелка сәтсіз басталған ойынды кейіннен өзгерте алғаны үшін өз командасына алғыс айтты. "Барыс" пен "Нефтехимик" тамыз айында Қазақстан астанасында өткен маусым алды турнирде кездесті. Ол ойында ҚРПК иелері 3:0 есебімен "Нефтехимиктен" басым түскен еді.

Бұл жолы "Барыс" пен "Нефтехимик" арасындағы текетіресте Нижнекамск командасы мықтырақ болып шықты. Айдын иелері тек бір ғана мүмкіндікті орындай алды. Гол авторы Джереми Бракко. Бұл шайба тек есепті теңестірді. Бұған дейін Андрей Белозеров мүмкіндігін сәтті пайдаланған болатын. Екінші кезеңнің аяғында астаналық команданың қорғанысынтағылары абдырап қалғанын Андрей Чивилев пайдаланып, тағы да "Нефтехимикті" алға шығарды.

Қорытынды кезеңде қонақтар қорғаныста өте сенімді ойнап, қарсыластарының жеңіліске ұшырауына мүмкіндік бермеді. "Барыс" үш матчтық жеңісті сериясын үзді. Қорытынды есеп 1:2. Енді 6 қазанда Андрей Скабелканың шәкірттері Нижний Новгородта "Торпедомен" ойнайды.

Барыс - Нефтехимик 1:2 (1:1, 0:1, 0:0)

0:1 – 10:18 – Белозёров (Назаров)

1:1 – 17:44 – Бракко (Луис, Грэм)

1:2 – 36:37 – Чивилёв (Назаров)

ҚақпашыларБояркин – Гарипов

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу