"Барыс" уфалық команданы жеңді

1598

Құрлықтық Хоккей Лигасының тұрақты чемпионатының аясында елордалық "Барыс" хоккей клубы сырт алаңда Уфаның "Салауат Юлаев" командасымен кездесіп,  "Барыс" 0:2 есебімен жеңіске жетті.

"Барыс" уфалық команданы жеңді

1-кезеңде айдын иелері басымдық танытты. Бірақ "Барыс" клубының қақпасына гол соға алмады. Есеп екінші айналымда ашылды. Ең алдымен Шәкір Мухамадуллиннің қақпаға дәл бағыттаған соққысы голға айналса, ал сәлден соң Александр Алексеев есепті еселеп, уфалық клуб алға озды. Осы уақытта "Барыс" ойыншысы Никита Михаилис қарсыласының аяғына соққы жұмсағаны үшін ойынның соңына дейін айдыннан қуылды.

3-кезең басталғанда "Салауат Юлаев" 2:0 есебімен көш бастап тұрған болатын. Бірақ елордалық хоккей командасы есепті теңестіріп қана қоймай қарсыластарынан басымдылықты өз қолдарына алды. Дмитрий Гренц нәтижелі пас шығарып, Максим Мусоров есепті 2:1-ге дейін қысқартса, кездесудің 49-минутында Даррен Диц есепті теңестірді.

Матчтың негізгі уақытында жеңімпаз анықталмағандықтан, кездесу овертаймға ұласты. Қосымша уақытта "Барыс" хоккейшісі Роман Старченко жеңісті голдың авторы атанды.  "Барыс" осы кездесуден кейін барлығы 11 ұпай жинап, Шығыс конференциясында 9-орынға көтерілді. Ал Уфалық клуб 4-орында келе жатыр.

Ермұхамед Мәулен


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу