"Барыс" Владивостокта жеңіске жетті

196

"Барыс" бүгінгі ойында толық үстемдік құрды. 

"Барыс" Владивостокта жеңіске жетті

"Барыс" маусымдағы алғашқы сапарын Владивостокта аяқтады. Астаналықтардың құрамында бұл жолы да өзгерістер болды. Майкл Веккьоне қайта командаға қосылса, Бейбарыс Оразов 7-желтоқсаннан бері алғаш рет Құрлықтық хоккей лигасының матчына қатысты.

Кездесудің алғашқы бөлігінде қазақстандық клуб белсендірек қимылдап, шайбаны көбірек бақылауда ұстады. Бір сәтте Майкл Веккьоне қақпа бағанасын дәл көздеді. Екінші кезеңде "Барыс" ойындағы басымдығын нақты голдарға айналдырды. Алдымен Кирилл Савицкий сәтті ұйымдастырылған шабуылдан кейін шайбаны қақпаға тоғытты. Көп ұзамай жойқын әрі дәл соққымен Дінмұхамед Қайыржан көзге түсті.

Соңғы кезеңнің басында Эмиль Галимов комбинацияны нәтижелі аяқтады. Төртінші рет Майкл Веккьоне Приморье жанкүйерлерінің көңіліне қаяу түсірді. Ал, Либор Шулактың дәл соққысы 28 сейв жасаған Адам Шилге матчты голсыз өткізуіне мүмкіндік бермеді. Алайда бұл гол ойынның қорытынды нәтижесіне әсер еткен жоқ. Қорытынды есеп елордалықтардың пайдасына 4:1. 

Осылайша, "Барыс" жеңілістер сериясын тоқтатып, елге абыроймен оралады.

12 ақпанда Михаил Кравецтің шәкірттері өз алаңында Санкт-Петербургтің СКА командасын қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу