"Барыс" жаңа маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

1606

Өз айдынында өткізген үшінші кездесуінде "Барыс" "Амурдан" 3: 2 есебімен басым түсті.

"Барыс" жаңа маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Елордалық команданың бапкерлік штабы соңғы ойынмен салыстырғанда құрамға бір ғана өзгеріс жасады. Жарақат алған Роман Старченконы жаңадан келген Якоб Берглунд алмастырды. Айта кетейік, Магнитогорскінің "Металлургімен" болған матч барысында (05.09.2021) "Барыс" шабуылшысы Роман Старченко жарақат алған болатын. Хоккейші команданың жақын арада өтетін матчтарына қатыспайды.

Ойынға келер болсақ, "Барыс" бірінші болып есеп ашты. Кертис Волктың жойқын соққысы қақпадан табылды. Ал Әлихан Әсетов есепті еселей түсті. Тұтастай алғанда, бірінші кезеңде Юрий Михайлистің шәкірттері ойынды бақылауда ұстады.

Екінші кезең басында қарсыластар қысқа уақыт аралығында гол соқты. "Барыстың" бір ойыншысы айдыннан қуылғанына қарамастан Аркадий Шестаков көзге түсті. Ал бұған қонақтар Глеб Зыряновтың дәл соққысымен жауап берді. Кездесудің соңғы минутында Владимир Галузин кездесудің нүктесін қойды. Дегенмен "Барыс" жеңілістен аман қалды және маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Қорытынды есеп 3:2.

11 қыркүйекте Юрий Михайлис шәкірттері өз айдыныдағы ойындар сериясын "Спартакқа" қарсы өтетін матчпен аяқтайды.

 "Барыс" - "Амур" 3:2 (2:0, 1:1, 0:1)

1:0 – 01:04 – Волк (Михайлис)

2:0 – 05:01 – Асетов (Гурков)

3:0 – 22:40 – Шестаков (Савицкий)

3:1 – 22:57 – Зырянов Г

3:2 – 59:04 – Галузин

ҚақпашыларОртио – Бартошак

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу