"Барыс" жаңа маусымды жеңіспен бастады

1656

2021 жылғы алғашқы матчта "Барыс" "Амурмен" кездесіп, жеңімпаз тек буллитте анықталды.

"Барыс" жаңа маусымды жеңіспен бастады

"Барыс" сырт алаңдағы матчтар сериясын "Амурмен" өткен кездесумен бастады. Хабаровскінің хоккей командасы 2020-жылдың соңғы матчында "Автомобилистке" 0: 3 есебімен жеңілген еді. "Амур" үшін бұл қатарынан төртінші жеңіліс болды.

Қазір Сергей Светловтың командасы ҚХЛ-ның Шығыс конференциясында оныншы орынға жайғасқан. Команданың 41 ойыннан кейін 31 ұпайы бар. Шабуылшылар Артём Железков пен Данил Файзуллин жарақат алғандардың тізімінде.

Ал "Барыс" маусымды жақсы нәтижемен аяқтады. Елордалық клуб соңғы матчта қосымша уақытта "Металлургты" өз алаңында 3: 2 есебімен жеңді.

"Барыс" пен "Амур" Қазақстанда желтоқсан айының соңында кездесу өткізген болатын. Ол уақытта алаң иелері 5: 2 есебімен жеңіс тойын тойлаған еді.

Бірінші кезеңнің ортасында қонақтар есеп ашты. Бұл жолы да Панюков Фрэттинге пас асырып, Фрэттин оны голға айналдырды. Бірақ үзіліске дейін Полунин мен Лугиннің арқасында "Амур" алға шықты.

Екінші кезеңде Йордан өзінің жылдамдығының арқасында алаң қожайындарының басымдығын нығайтты. Бірақ кейіннен елордалық клубтың хоккейшілері екі мәрте дәл соққы бағыттады. Бұл жолыАкользин (маусымның алғашқы голы) мен Старченко көзге түсті.

Соңғы, яғни үшінші кезеңде қарсыластар шабуылдармен алмасты. Гол авторлары Терещенко мен Михайлис. Ойын овертаймға ұласты. Мұнда екі команданың да жеңіске жетуге мүмкіндігі болды. Бірақ 65 минут ішінде қарсыластар жеңімпазды анықтай алмады. Буллиттер серясында "Барыс" мықты болып шықты.

 "Амур" – "Барыс" 4:5 (2:1, 1:2, 1:1, 0:0, 0:1)

0:1 – 12:52 – Фрэттин (Панюков)

1:1 – 14:25 – Полунин

2:1 – 17:40 – Лугин (Бутузов, Пьянов) ГБ

3:1 – 27:49 – Йордан (Корягин, Зогорна Т.)

3:2 – 32:54 – Акользин (Мусоров)

3:3 – 34:41 – Старченко (Блэкер, Михайлис)

4:3 – 52:07 – Терещенко (Пьянов) ГБ

4:4 – 52:55 – Михайлис (Акользин, Диц)

4:5 – 65:00 – Старченко Б

6-қаңтар күні Юрий Михайлис шәкірттері тағы да Хабаровскіде Амурға қарсы кездесу өткізеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу