banner

Барыстың бағы жанбай жүр

1043

"Барыс" өз алаңындағы матчтар сериясын тағы да жеңіліспен бастады.

Барыстың бағы жанбай жүр Фото: hcbarys.kz

Бүгінгі кездесуден кейін қазақстандық хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының шығыс конференциясының турнирлік кестесінде соңғы орындардың біріне жайғасты. Бүгінгі матчқа Дінмұхамед Қайыржан медициналық себептерге байланысты қатыса алмады. Ал Никита Михайлис ұзақ уақытқы үзілістен кейін құрамаға қайта оралды.

Бірінші кезеңде қарсыластар голдармен алмасты. Айдын иелері сапынан Аңсар Шайхмедденов маусымдағы үшінші голын соқты. Амурлықтардан Сергей Дубакин мергендігімен көзге түсті. Екінші кезеңнің басында Ян Дрозг қонақтарды алға шығарды.

Соңғы үшінші кезеңде қонақтар қорғаныста сенiмдi әрекет жасап, қарсыластарының ойынға қайта оралуына мүмкiндiк бермедi. Ал соңғы ысқырыққа 12 секунд қалғанда Александр Шаров астаналықтардың бос қақпасын дәл көздеп, қорытынды есепті орнатты. Нәтижесінде матч 3:1 есебімен амурлықтардың пайдасына аяқталды.

Ойын аяқталған соң елордалық команданың бас бапкері кездесуге байланысты өз ойын білдіре кетті.

"Матч біз ойлағандай болмады. Бұған дейін сырт алаңда жақсы ойнадық. Бірақ біз алға қойған мақсаттарымызға жылжуымыз керек. Амур сияқты қарсыластармен бәсекелесу үшін әсіресе өз алаңымызда басқаша ойнауымыз керек. Қатты көңіліміз қалды. Никита Михайлис жарақаттан кейінгі бірінші матчта жақсы ойнады. Тіпті біраз уақыт бойы таяқ ұстамады. Жарақатына байланысты Қайыржан айдыннан кетті. Өткен матчтардағыдай пастар көп болмады. Вей мен Михайлис бір-біріне жақсы пас берді. Алайда гол соға алмады", - деді Андрей Скабелка.

"Барыс" – "Амур" 1:3 (1:1, 0:1, 0:1)

1:0 – 18:02 – Шайхмедденов (Петухов, Бракко)

1:1 – 19:21 – Дубакин (Ли)

1:2 – 21:50 – Дрозг (Дубакин, Барулин)

1:3 – 59:48 – Шаров (Аляев)

ҚақпашыларГудачек – Аликин

21 қарашада Андрей Скабелка шәкірттері Астанада "Салават Юлаевты" қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу