"Бас құда тапсырмасы": Аягөз ауданы білім бөлімінің басшысы мектептерден ақша жинап келген

1453

Мектеп директорлары бөлім басшысын "бас құда" деп атап құпиялап сөйлесіп отырған.

"Бас құда тапсырмасы": Аягөз ауданы білім бөлімінің басшысы мектептерден ақша жинап келген

Аягөз ауданы білім бөлімінің басшысы қарамағындағы мектептерден ай сайын ақша жинап отырған, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Бұл жайында Аягөз ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Төртуыл Шоқан әлеуметтік желі арқылы хабарлады. 

Айтуынша, аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрғали Әзімбаев мектеп директорларынан ақша жинап отырған. Олар бөлім басшысын "бас құда" деп жұмбақтап атап, қажет жағдайда 3 мың теңге көлемінде ақша жинап беріп отырған. Оған бұл ақпаратты өңірдегі мұғалімдердің бірі хабарлаған көрінеді.

"Құдашаларға бару үшін үш тастан лақтырамыз" дегені "3 мың теңгеден Каспийге келген комиссияны күтуге аударамыз" дегенді құпиялап жазып отырған адам – осы істі ұйымдастырушы дейді ақпарат беруші бауырым. Енді Аягөз ауданында 40 мектеп бар десеңіз, санай беріңіз аптасына қанша ақша жиналатынын",- деп жазды Төртуыл Шоқан.

Ол қолындағы ақпарат негізінде ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаментіне арыз түсірген. Қазір арызда көрсетілген сипаттамалар негізінде тексеріліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу