Бас прокуратура экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады

2644

Ол ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін қолға түсіп отыр.   

Бас прокуратура экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастырып жатыр. Биыл  29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды", - деп хабарлады Бас прокуратура.  

Қылмыстық істе мемлекеттік құпия бар болғандықтан, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды.

Естеріңізге сала кетейік, Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер министрі қызметіне 2019 жылы тағайындалған болатын. 2022 жылы қаңтар оқиғасынан кейін отставкаға кетті. Артынан президент кеңесшісі болды. Бірақ, 2022 жылы тамыз айында бұл қызметтен де босап, үкіметтік шараларда көрінбей кеткен болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу