Олжас Бектенов тұрғын үй саясатындағы мәселелерді атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Көріп отырғанымыздай, тұрғын үймен қамту құралдарының барлығы бірдей тиімді әрі толыққанды қолданылып отырған жоқ. Сондықтан өңірлерде бөлінген қаражатты уақтылы игеріп, ұсынылған құралдарды пайдалану қажет, – деді ол.
Сондай-ақ Премьер-министр баспана кезегінде тұрғандардың қолданыстағы тізімін жаңарту керектігін айтты.
– Мен тізімдерді түгендеп, бір жүйеге келтіруді тапсырған болатынмын. Бірақ бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ. Сондықтан оны тездету керек. Баспана кезегінде, шынымен, мұқтаж азаматтар ғана болу керек. Сондай-ақ инженерлік желілерді тарту мәселесіне де назар аударғым келеді. Инфрақұрылымның жоқтығынан объектілерді іске қосу тым ұзаққа созылып кетуде. Мұндай мысал әр өңірде бар, – дейді Үкімет басшысы.