"Бастау Бизнес" қазақстандықтарға табысын арттыруға мүмкіндік берді

2750

"Бастау Бизнес" бағдарламасы қазақстандықтарға өз ісін ашу, өндірісті іске қосу және табысын арттыру мүмкіндігін беріп отыр. Бұл туралы "Бастау Бизнес" жобасының 5 жылдығына арналған онлайн форумда "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бастау Бизнес" қазақстандықтарға табысын арттыруға мүмкіндік берді

Жоба ел аумағында жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталғанын баяндаған басқарма төрағасы бүгінгі таңда әлем бойынша әр отбасының өз табысы, өз ісі болғаны маңызды екенін мәлімдеді. 

"Бастау Бизнес" жобасы шағын несие, грант алуға, кез келген өндірісті ұйымдастыруға, табысты еселеуге серпін береді. Мен "Бастау Бизнес" жобасындағы жаттықтырушылар біртұтас, ұйымшыл команда екенін білемін. Олар осы күнге дейін қаншама адамды қолдады, дағдыларымен бөлісті және бизнес әлеміне жетеледі. Осы үшін оларға алғыс білдіремін. "Атамекен" Елбасының тапсырмасы бойынша, үкіметтің, депутаттардың қолдауымен адамдарға өздеріне, өз күштеріне сенуге, алға ұмтылуға ықпал етті. Қолынан іс келетін азаматтарға жағдай жасады. "Бастау Бизнес" жобасы қазақстандықтарға табысын арттыруға мүмкіндік берді", – деді Абылай Мырзахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу