Батырхан Төлеуғали Астанадағы Гран-придің жартылай финалына шықты

171

Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали елордада өтіп жатқан Гран-придің ширек финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Батырхан Төлеуғали Астанадағы Гран-придің жартылай финалына шықты Фото: olympic.kz

Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында ресейлік Артем Мытаревпен кездесті.

Екі раундтың қорытындысы бойынша Батырхан Төлеуғали 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша ол кем дегенде қола медальді қанжығасына байлады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу