Найробиде өткен U21 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 қола жүлде жеңіп алды.
87 келіде өнер көрсеткен Батырхан Төлеуғали финалда ирандық Мохаммад Ализадехті жеңіп, чемпион атанды.
Отандасымыз чемпионат барысында Фотиос Домпас (Грекия), Джоб Стюарт (Аустралия), Владислав Будиннен (бейтарап спортшы) айласын асырды.
Батырхан 2024 жылғы Париж Олимпиадасында 80 келі салмақта өнер көрсеткен.
Айта кетейік, турнирде 79 елден келген 452 спортшы сынға түсті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу