Бауырлас Түркия жаңа тәуекелге барғалы отыр

853

Түркия Ұлттық әскери ұшақ тасығыш кеме (MUGEM) жобасының құрылысына кірісті.

Бауырлас Түркия жаңа тәуекелге барғалы отыр Фото: Naval News

Бұл туралы француздық Le Figaro және өзге де халықаралық БАҚ хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Президент Режеп Тайып Ердоған TEKNOFEST Mavi Vatan фестивалінде жаңа жобаның ресми басталғанын жариялады.

Оның айтуынша, жоба Түркия флоты үшін "тарихи қадам" болып саналады және 2030 жылға қарай кеме сапқа қосылмақ.

MUGEM ұзындығы – 285 метр, ені – 72 метр болады, ал су ығыстырғыш көлемі 60 мың тоннадан асады. Бұл көрсеткіштер Францияның қазіргі Charles de Gaulle әскери ұшақ тасығыш кемесінен әлдеқайда үлкен (261 метр, 42,5 мың тонна).

Жоспар бойынша жаңа кеме 50 әуе аппаратын – жойғыш ұшақтармен қатар Kızılelma және ANKA-3 секілді соққы дрондарын тасымалдай алады.

Кеме 2027-2028 жылдары суға түсіріліп, кейін толық жабдықталған соң 2030 жылға дейін Әскери-теңіз күштерінің құрамына енгізіледі. Ерекше гидродинамикалық мұрын бөлігі отын шығынын 1,5%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Әскери сарапшылардың мәліметінше, кеме жанармай құюсыз Түркиядан Нью-Йоркке барып қайта оралуға қабілетті.

Жобаның 80%-дан астам компоненттері Түркияда жасалады. Бұл Анкараға әлемде өз күшімен әскери ұшақ тасығыш кеме құра алатын санаулы елдердің қатарына кіруге жол ашады.

Ердоған жаңа кемені "Палестина мен Сомали сияқты езілген халықтарды қолдаудың символы" деп атады.

Айта кетейік, Франция да су ығыстырғыш көлемі 75 мың тонналық жаңа PANG әскери ұшақ тасығыш кемесін жасап жатыр. Ол келесі онжылдықта іске қосылады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу