Бек Нұрмағанбет Лас-Вегастағы бокс кешінде кезекті жеңісіне қол жеткізді

273

Қазақстандық супер орта салмақтағы боксшы Бек Нұрмағанбет (15-0, 13 KO) Лас-Вегастағы Fontainebleau қонақүйінде өткен бокс кешінде америкалық Стивен Самптерді (11-3-1, 9 KO) мерзімінен бұрын жеңді.

Бек Нұрмағанбет Лас-Вегастағы бокс кешінде кезекті жеңісіне қол жеткізді Фото: Жеке парақшасынан

Бұл шоу Канело мен Теренс Кроуфорд арасындағы супер жекпе-жек алдындағы шаралардың бірі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

10 раундқа жоспарланған кездесу небәрі 3 раундқа созылды. Екінші раундта Нұрмағанбет қарсыласын нокдаунға түсірді. Ал 3-раундтың соңында Самптер жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

27 жастағы қазақстандық боксшының еншісінде енді 15 жеңіс бар, оның 13-і нокаутпен, жеңілісі жоқ. Бұл – оның Солтүстік Америкадағы 9-шы айқасы.

Бек Нұрмағанбет – Канелоның тұрақты спарринг-серіктесі, ал оның мүддесін әйгілі бапкер әрі менеджер Эдди Рейносо қорғайды. Қазір ол WBA рейтингінде 11-орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу