Бекзат Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды

223

Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы Әлем кубогында Бекзат Нұрдәулетов (85 келі) алтын жүлде жеңіп алды. 

Бекзат Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды Фото: boxingkazakhstan

Бекзат Нұрдәулетов алғашқы раундта қарсыласын нокдаунға түсірді. 2-ші раунд та Бекзаттың басымдығымен аяқталды. Шешуші раундта да дәл солай.

Нәтижесінде, отандасымыз Әлем кубогының чемпионы атанды.

Айта кетейік, Бекзат Нұрдәулетов 2019 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алса, 2024 жылы Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу