Белал Мухаммад Шавкатпен жекпе-жекке шықпау себебін түсіндірді

1266

Екеуі 7 желтоқсан күні UFC 310 турнирінің басты жекпе-жегінде кездесуі керек болған. 

Белал Мухаммад Шавкатпен жекпе-жекке шықпау себебін түсіндірді Фото: vesti.kz

Орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммад (24-3) жарақатына байланысты қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен (18-0) жекпе-жек өткізбейтін болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Америкалық спортшы желідегі парақшасында 6 апта шаршы алаңға шыға алмайтынын жариялады. 

– Аяғымда сүйек инфекциясы пайда болды. Келесі 6 апта бойы физикалық белсенділіксіз білегімнен антибиотиктер алуға тура келді. Алланың жоспары – ең жақсы жоспар. Барлығынан кешірім сұраймын. Жақында ораламын, ИншАллах, – деп жазды ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу