Осыған дейін Дархан Асаділов Шымкенттегі спорт мектебінде және Қазақстан жастар құрама командасында жаттықтырушы болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Енді спортға каратэден (WKF) Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметі сеніп тапсырылып отыр.
Дархан Асаділовтің бас бапкер қызметіндегі алғашқы халықаралық жарысы мамыр айының соңында Ташкентте өтетін Азия чемпионаты болмақ.
Олимпиада жүлдегерінің басты мақсаты – Ұлттық құраманың жаттықтырушылар қосынын жасақтау, 2026 жылы Жапонияда жалауын желбірететін жазғы Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсету.
Асаділов – қазақ каратэсіне құбылыс болып келген спортшы. Ол кәсіби мансабында айтулы жетістіктерді бағындырды. Оның ең үлкені – Токио Олимпиадасындағы (-60 келі) қола жүлдесі. Одан өзге әлем чемпионатының күмісі (2008) мен қоласын (2018), Гуанчжоудағы Азия ойындарының алтынын ерекше айтуға болады. Сонымен қатар, Д.Асаділов – спорттың осы түріндегі ең беделді жарыс Karate-1 Премьер-лига бәсекесінің 8 дүркін жеңімпазы.