Бельгия құрамасының капитаны: Жеңіске жетеміз деп үміттенемін

190

Қазақстан – Бельгия матчы 15 қараша, сенбі күні сағат 19:00-де “Астана Аренада” басталады.

Бельгия құрамасының капитаны: Жеңіске жетеміз деп үміттенемін

Бельгия құрамасының капитаны және ағылшынның “Астон Вилла” клубының жартылай қорғаушысы Юри Тилеманс 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеудегі Қазақстанға қарсы өтетін матч алдында баспасөз мәслихатына қатысып, алдағы матч жайлы пікір білдірді. 

– Жарақаттан кейін синтетикалық газон? Қазір бәрі жақсы. Біраз уақыт маған алаңға шығуға рұқсат бермеген кездер болды. Бірақ, қазір 100 пайыз дайынмын. 

Кевин Де Брюйне ойнамайды. Бұл сіздердің ойындарыңызға қалай әсер етеді?

 Кевиннің қандай деңгейдегі ойыншы екенін бәріміз жақсы білеміз. Мұндай тәжірибелі футболшының әрдайым пайдасы зор. Бірақ, біз онсыз да өз ойынымызды көрсете аламыз деп үміттенемін. 

 Ертеңгі ойында қандай өзгерістер күтіп тұр?
 Ертең жеңіске жетіп, іріктеуді сәтті жалғастырамыз деп ойлаймын. Сонымен қатар ертең бізге үйреншікті емес синтетикалық газонда ойнаймыз. Оған қоса ұзақ сапар мен уақыт белдеуінің ауысуы да бар.

Айта кетейік, Бельгия құрамасынан Ромелу Лукаку мен қақпашы Тибо Куртуа матчқа қатыса алмайтын болды.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына шығу мүмкіндігінен айырылды және бұл матчпен іріктеу циклын аяқтайды. Ал Бельгия құрамасы топта көш бастап тұр және қосымша екі матчы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу