Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Джуд Беллингем 22 жас 359 күнінде Беллингем Англия ұлттық құрамасы үшін 50 матч өткізген ең жас футболшы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Айта кетейік, Англия мен Гана құрамалары L тобында өнер көрсетуде. Бұл топта сондай-ақ Хорватия мен Панама командалары бар. Әлем чемпионатының алғашқы турында екі құрама да жеңіске жетіп, үш ұпайдан еншілеген.
Бас бапкерлер Ганаға қарсы ойынға арналған старттық құрамдарын жариялады. Беллингем кездесуді алғашқы минуттардан бастайды.
Матч Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.