Березовскийдің экипажына техникалық көмек көрсететін жүк көлігі аударылып қалды

4079

"Дакардың" тоғызыншы кезеңі Денис Березовскийдің басшылығымен келетін жатқан Astana Motorsports жеңіл экипажының жетістігіне қауіп төндірді, біздің Toyota Land Cruiser машинасына техникалық көмек көрсететін жүк көлігі аударылып қалды.

Березовскийдің экипажына техникалық көмек көрсететін жүк көлігі аударылып қалды

Cruiser машинасына техникалық көмек көрсететін жүк көлігі аударылып қалды.

Еске сала кетсек, жарысқа қатысушы қазақ "Тойотасы" жарыстың тоғызыншы кезеңіне дейін өзінің Т2 класында үшінші болып келе жатқан еді. Алайда тоғызыншы кезеңнің соңғы шегіне жетер тұста оған техникалық көмек көрсететін жүк машинасы аударылып қалды.

"Денис Березовскийдің басшылығымен келетін жатқан Astana Motorsports жеңіл экипажына техникалық көмек көрсететін көліктің аударылып қалғаны туралы ақпарат көңілді су сепкендей басты. Салмағы 26 тонна жүк көлігінің жүргізушісі рөлге бола алмай, жардан құлап, аударылып қалған. Артур Ардавичустың командасы Денис Березовскийдің және оның штурманы Алексей Никижевтің машинасына сервистік көмек көрсететін. Алайда Toyota Land Cruiser 200 көлігі толық сервистік көмек ала алмады. Өйткені командада қажетті сервистік электроника жоқ", – деп жазылған Astana Motorsports хабарламасында.

Біздің команданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, тек жеңіл экипажымыз ғана техникалық көмексіз қалмаған, түн жарымда Чилеситоға келген көліктер жарыс керуенінің жартысын да құрамады. Сонымен бірге техникалық көмек көрсететін көптеген көлік жақында болған көшкін салдарынан Боливия шекарасынан Аргентинаның Сальта қаласына дейінгі арада қалып қойған.

Екі қазақ экипажының ішіндегі тек жүргізуші Артур Ардавичустың басшылығымен келе жатқан MAN TGS жүк көлігі ғана барлық сервистік процестен өтті.

"Бізге жолда, апатты бивуакта, қонуға тура келді. Дәл осы учаскеде көшкін болып, жолды және Волкан атты ауылды жойып жібергенін барлығы білетін шығар. Жолды және барлық ауылды су шайып кеткен. Зардап шеккендер туралы әртүрлі ақпарат алып жатырмыз", – деп түсініктеме берді Astana Motorsports командасының капитаны.

Сонымен бірге тәжірибелі қазақ жүргізушісі биылғы жарыстың қиын болғанын, жарысқа қатысушылар Чилеситоға дейін 14 сағатта 1120 шақырым бұралаң тау жолымен жүріп өткенін айтып кетті.

"Жол ұзақ болды. Бірінші Сальто арқылы жүру керек болды, ол жерде бізге мөр басты, содан кейін Чилеситоға бардық. Қазір осы жерде Денис Березовскийді күтіп отырмыз. Біздің көлік алыста тұр. Көз шырымын алу үшін асханадағы орындыққа жатамыз. Біз одан әрі жарысуға дайынбыз", – дейді Артур Ардавичус.

Еске сала кетсек, бейсенбі, 12 қаңтар күні раллиге қатысушылар оныншы кезеңді Чилесито – Сан-Хуан (Аргентина) бағытында жүріп өтеді. Жолдың ұзақтығы 751 шақырым, оның 449 шақырымы арнайы учаске.

Игорь Воротной, Астана 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу