Бибарыс Әшірбай әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

349

Черногорияның Будва қаласында бокстан World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионатының финалдық кездесулері өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бибарыс Әшірбай әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды Фото: kaz.tengrisport.kz

70 келіге дейінгі салмақта Қазақстан атынан сынға түскен Бибарыс Әшірбай шешуші жекпе-жекте Ирландия боксшысы Джон Донохуеге есе жіберді. Кадеттер арасындағы әлем чемпионы әрі Еуропаның бірнеше дүркін жеңімпазы атанған қарсыласы финалда 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Бибарыс Әшірбайдың финалға дейінгі нәтижелері:

· 1/16 финал: Сантьяго Хименез Лоссо (Аргентина) – 5:0;

· 1/8 финал: Люк Насиф (Аустралия) – 5:0;

· 1/4 финал: Асанте Ламар (АҚШ) – 3:0;

· 1/2 финал: Зулфикор Адхамжонов (Өзбекстан) – 4:1.

Айта кетейік, Бибарыс Әшірбай биыл Таиландта өткен Futures Cup турнирі мен U19 санатындағы Азия чемпионатында топ жарған болатын.

Ал келесі аптада қазақстандық боксшы Сенегал астанасы Дакарда өтетін жасөспірімдердің жазғы Олимпиадасында ел намысын қорғайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу