Бибарыс Әшірбай бокстан жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына шықты

129

Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында бокс бәсекелері басталды.

Бибарыс Әшірбай бокстан жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына шықты Фото: olympic.kz

Бүгін, 7 қарашада, Қазақстан құрамасынан Бибарыс Әшірбай шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз 70 келі салмақтағы алғашқы жекпе-жегінде Ливия өкілі Мохамед Джихадпен жұдырықтасып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Осылайша Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының 1/4 финалына шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу