Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды

283

Ұлттық құраманың қоржынында екі алтын, екі күміс, үш қола медаль бар.

Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Бибарыс Әшірбай Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз финалда Ұлыбритания өкілі Майкл Моэнмен кездесті.

Жекпе-жек барысында британдық боксшы басымдық танытып, төрешілер шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Бибарыс Әшірбай жарысты екінші орынмен аяқтады.

Бұл – Қазақстан құрамасының жасөспірімдер Олимпиадасындағы екінші күміс медалі. Бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) күміс жүлдеге ие болған еді.

Осылайша, ұлттық құраманың қоржынында жеті медаль бар. Оның ішінде екі алтын, екі күміс және үш қола жүлде бар.

Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 келі) мен велошабандоз Әнел Тәшбай алтын медаль жеңіп алса, таеквондошы Любовь Юн (63 келіден жоғары), триатлоншы Рамазан Әйнегов және боксшы Марал Төлепберген (54 келіге дейін) қола жүлдегер атанған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу