Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы беделді шахмат турнирінде үздік бестікке енді

125

Енді Асаубаеваны тағы бір маңызды кездесу күтіп тұр.

Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы беделді шахмат турнирінде үздік бестікке енді Фото: gov.kz

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан беделді Cairns Cup 2026 турнирінде алғашқы жеңісіне жетіп, жарыстың көшбасшы тобына көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төртінші турда ақ фигуралармен ойнаған блицтен екі дүркін әлем чемпионы Швейцарияның бұрынғы әлем чемпионы Александра Костенюктісенімді түрде жеңді. Кездесу қарсыласының берілуімен 23-ші жүрісте аяқталды.

Бұған дейін Асаубаева украиналық Анна Музичукпен,Үндістан өкілі Рамешбабу Вайшалимен және америкалық Элис Лимен үш рет тең түскен болатын.

Төрт турдың қорытындысы бойынша қазақстандық шахматшы 2,5 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орында тұр. Ал жарыста бұрынғы әлем чемпионы, қытайлық Тань Чжунъи 3,5 ұпаймен көш бастап келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу