Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде чемпиондыққа таласады

194

Қазақстандық шахматшының еншісінде 3,5 ұпай бар. 

Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде чемпиондыққа таласады Фото: FIDE

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан Cairns Cup 2026 турнирінде жеңіске жету мүмкіндігін сақтап қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алтыншы турда қазақстандық гроссмейстер америкалық Кларисса Йиппен қара түспен ойнап, партияны тең аяқтады. Осы нәтижеден кейін Асаубаеваның еншісінде 3,5 ұпай бар.

Алты турдан кейін Қытай өкілі Тань Чжунъи 4,5 ұпаймен көш бастап келеді. Екінші орында америкалық Элис Ли – 4 ұпай. Ал Асаубаева, үндістандық Дивья Дешмух және грекиялық Ставрула Цолакиду 3,5 ұпайдан жинап, 3-5 орындарды бөлісіп тұр.

Осылайша қазақстандық шахматшы көшбасшыдан бір ұпайға ғана қалып келеді. Турнирдің аяқталуына әлі үш тур бар.

Асаубаеваның қалған партиялары:

17 тамыз – Ставрула Цолакидуға қарсы;
18 тамыз – Тань Чжунъиға қарсы;
19 тамыз – Хампи Конеруға қарсы.

Алғашқы орын бірнеше шахматшыға бұйырған жағдайда, 20 тамызда тай-брейк өткізіледі.

Айта кетейік, биылғы Cairns Cup турнирінің жүлде қоры 250 мың долларды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу