Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) жаңартылған рейтингісінде қазақстандық тағы 2 спортшы бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Танымал әрі талантты қазақстандық шахмат Бибісара Асаубаева – жер-жаһандағы үздік гроссмейстерлердің бірі. Ол бұрынғы орнынан екі сатыға көтеріліп отыр. Отандасымызбен бірдей ұпай жинаған ресейлік Полина Шувалова да рейтингіде қатар тұр.
Бибісара Асаубаева 2004 жылы 26 ақпанда Тараз қаласында туған. Ол – әйелдер арасындағы гроссмейстер (2019). Сонымен қатар, шапшаң шахматшы блиц бойынша әлем чемпионы (2021) болды. Ал рапид түрінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2021) атанды. 2021 жылы Азия чемпионы атағын тағы жеңіп алды.
Рейтинг бойынша ТОП-100 шахматшы тізіміне қазақстандық тағы екі спортшы енген. Олар – Меруерт Камалетдинова (2345 ұпай, 97-орын) және Әмина Қайырбекова (2344 ұпай, 100-орын).