Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) жариялаған шілде айындағы жаңартылған әлемдік рейтингте екі сатыға көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әлемдік рейтингтің көш басында Қытайдың Хоу Ифань тұр. Ал үздік бестікке сондай-ақ қытайлық шахматшылар Чжу Цзиньэр, Лэй Тинцзе және қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь енген.

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева соңғы уақытта халықаралық аренада тұрақты жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Маусым айында ол Norway Chess Women 2026 турнирінің жеңімпазы атанып, соның нәтижесінде FIDE-нің 2026–2027 жылдардағы әйелдер циклінің жалпы есебінде көш бастады. Бұл көрсеткіш оның келесі Үміткерлер турниріне жолдама алу мүмкіндігін айтарлықтай күшейтті.